2019 жылы 17 мамырда АЭФ-2019 аясында «Өзгермелі әлемдегі трансформациялық көшбасшылық» атты жаһандық конференция өтеді. Ұйымдастырушылар – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Мемлекеттік қызметкер қандай болуы тиіс, қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап беріп, Қазақстандағы реформалардың фасилитаторы атануы үшін ол қандай дағдылар мен қасиеттерге ие болуы керек – бұл өзгерістерді басқаруға қабілетті көшбасшылықтың жаңа мәдениетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу жоспарланып отырған жаһандық конференцияның басты мәселелері.
Конференция жұмысы екі секциядан тұрады:
- Жаңа формацияның көшбасшыларын қалыптастырудағы жаһандық трендтер
- Көшбасшылық трансформациясы: кәсібиден стратегиялық және цифрлық ойлауға;
- Мемлекеттік басқару трансформациясы: стратегиялықтан инновациялық мемлекеттік басқару бағытында бизнес үдерістерінің реинжинирингі.
- Инновациялық мемлекеттік басқаруға арналған қазіргі заманғы көшбасшының дағдылары (практикалық кейс-конференция)
- Қоғам трансформациясы: ашық сана, азаматтық қоғамның мемлекеттік сектормен белсенді өзара іс-қимылы, ашық үкімет;
- Трансформациялық көшбасшылық қағидаттарын біріктіру (транспаренттілік, сценарийлік жоспарлау, альтернативті көзқарас);
- Agile көшбасшылық және мемлекеттік басқару.
Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевтің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың, Сингапурдың Қаржы министрлігінің аға кеңесшісі және Мемлекеттік қызмет колледжінің аға ғылыми қызметкері Лим Су Хунның, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің Басқару және мемлекеттік әкімшілік мәселелері жөніндегі аға қызметкері Гарегин Манукянның, СКОЛКОВО Мәскеу басқару мектебінің ректоры Марат Атнашев және т.б. қатысуы жоспарланып отыр.
Конференция жұмысының модераторы – Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әлтаир Ахметов