Жаңалықтар

Парақорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы менеджмент бойынша оқу курстары өтті.

Ақпан айының 10-14 аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында парақорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы менеджмент бойынша «Сертификатталған PECB. ISO 37001 енгізу жөніндегі жетекші маман» тақырыбында оқу курстары өтті.


Дамыған елдер арасында озық бағыттардың бірі саналатын парақорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы менеджмент жүйесі – Қазақстан үшін жаңа қадамдардың бірі.Бұл жаңалық қазақстандық азаматтар арасындағы мәдениеттің жоғары деңгейін дамытуға, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты «төзбеушілік» қағидасын қалыптастыруға, сондай-ақ кәсіпкерлік саласында адал бәсекелестік үшін жағдай туғызуға үлкен мүмкіндік әкелетін жаңа серпіліс болмақ.

Аталмыш курсқа Академияның және оның филиалдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Оқу курсын «Сапа менеджменті орталығының» ұйымдастыруымен
(PECB Asia Pacific Inc авторизацияланған серіктесі. Канада) сертификатталған аудитор және РЕСВ тренері (канадалық сертификаттау органы) Константин Павлов жүргізді.

Курс нәтижесі бойынша оқуды сәтті аяқтаған сертификат иелері халықаралық деңгейде танылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзгерістер енгізу мүмкіндігіне ие болады.


Your browser does not support SVGs