2021 жылдың басында Гайдар форумында «Посткеңестік кеңістік елдеріндегі мемлекеттік басқару эволюциясы. 1991-2021» атты кітаптың халықаралық таныстырылымы өтті.
Бұрынғы он бес Кеңес республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің дамуын талдауға арналған кітап РХШМҚА бастама көтерген үлкен жобаны жүзеге асырудың қорытындысына айналды.
Кітаптың елдерге қатысты бөлімдерін даярлауда жетекші сарапшылар, мемлекеттік және муниципалды басқаруға кадрлар даярлау бойынша негізгі жоғары оқу орындарының жетекшілері, сондай-ақ он бестен аса мемлекеттің авторлық ұжымдары қатысты.
Қазақстан бойынша бөлімді ректор Ерлан Әбіл басқарған және стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі вице-ректор Айгүл Көшербаева, Дипломатия институтының директоры Мариан Абишева, Академияның Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығының бас сарапшысы Айдана Алдиярова, Басқару институтының профессоры Леонид Бурлаков, Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығының басшысы Анар Есенгельдина, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу бойынша зерттеу орталығы басшысының орынбасары Ержан Жаров, Кәсіби даму институтының директоры Маргарита Қадырова, Кәсіби даму институты директорының орынбасары Зухра Карамалаева, Дипломатия институтының профессоры Таисия Мармонтова, Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығы басшысының орынбасары Жомарт Медеуов кіретін 11 адамнан құралған авторлық ұжым тұлғасында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жазды.
Бірыңғай тәсіл негізінде он бес мемлекет – бұрынғы Кеңес республикаларындағы мемлекеттік басқару жүйесінің эволюциясы талданған кітап мемлекеттік басқарудың және мемлекеттік қызметтің даму мәселелеріне қызығушылық танытатын қалың оқырманға арналады. Бірегейлендірілген құрылым негізінде өз бетімен дамудың өткен отыз жылында мемлекеттік билік органдары жүйесінің түрленуі, жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың қағидаттары мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқару жүйесінде реформаларды жүргізудің кезеңдері, олардың басымдықтары көрсетілді.
Сонымен бірге, басқарудың цифрлық трансформациясына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, статистикалық ақпаратты, макроэкономикалық көрсеткіштерді, посткеңестік кеңістік елдерінің халықаралық рейтингілердегі орындарын талдауға көңіл бөлінді.
Басылым мемлекеттік билік органдарының қызметкерлеріне, ғылыми қызметкерлерге, оқытушылар мен студенттерге, сондай-ақ посткеңестік кеңістік елдеріндегі мемлекеттік құрылыс мәселелеріне қызығушылық танытқандарға арналады.
Кітаптың 9 данасы Мемлекеттік басқару академиясының кітапхана қорында қолжетімді. 11 кітап – Қазақстан туралы бөлімді жазуға қатысқан Академия қызметкерлерінің авторлық даналары.