Жаңалықтар

Еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында Академия ұжымының қызметін жоғары бағалай отырып, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, қызметінде жоғары нәтежелерге қол жеткізгені үшін Академия қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының грамотасымен:

  • Абилова Айгерим Женисовна – Кәсіби даму институты Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі;
  • Баглай Бауыржан – Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының бас сарапшысы;
  • Елжасов Рустам Науанович – Жатақхананың администраторы;
  • Жумагалиева Гульдана Жалмухановна – Кәсіби даму институты Тілдік құзыреттер секторының (кабинетінің) аға оқытушысы;
  • Сейтбаев Бауыржан Амиржанович – Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығы Халықаралық әріптестік секторының жетекші сарапшысы марапатталды. 

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен Дипломатия институтының профессорлары Сулейменов Тулеутай Скакович және Мажиденова Дарико Магауияновна марапатталды.

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен:

  • Әбіл Ерлан Қуанышұлы – Басқару институтының директоры;
  • Абдыкаликова Марта Наушаевна – Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің профессоры;
  • Тулепбергенов Айтпай Жумабаевич – Инфрақұрылымдық қызмет көрсету қызметінің басшысы марапатталды.

«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен:

  • Кошербаева Айгуль Беделбаевна –  стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі вице-ректор;
  • Джунусбекова Гульсара Аширбаевна –  Басқару институтының профессоры марапатталды.

Сонымен бірге, Академия филиалдарының басшылары және Академияның бір қатар қызметкерлері Академия ректорының Құрмет грамотасымен және Алғысымен марапатталды.


Your browser does not support SVGs