27-31 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Британдық әдіс бойынша PRINCE2 Foundation жобалық менеджмент саласында сертификациялау курсы өтті.
PRINCE2 – Ұлыбританиядағы жобалық менеджменттің басты стандарты .
Семинар-тренингке мемлекеттік қызметкерлер, бизнес саланың өкілдері, сондай-ақ Академия қызметкерлері қатысты.
Апта бойы тыңдаушылар жобаларды ұйымдастыруға, менеджментке және мониторингке негізделген әдіснаманы зерделеп, жобалық команда мүшелерінің арасындағы міндеттерді нақты бөлуді қарастыра алды.
Курс соңында тыңдаушылар жобалық менеджментті дамыту орталығының базасы негізінде Prince2 Foundation әдісі бойынша тест тапсырып, сертификаттаудан өтті. Бұл мүмкіндік Академия мен SPOCE Project Management тренингтік компаниясы арасында жасалған келісім нәтижесінде өткізілді.