Жаңалықтар

ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА: COVID-19

Құрметті семинарлар мен қайта даярлау курстарының тыңдаушылары, Академияның қызметкерлері мен оқытушылары!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы COVID-19 коронавирустық инфекцияның алдын алу және ескерту мақсатында білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша шараларды күшейтті және осыған байланысты 15 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ЖОСПАРЛАНҒАН БАРЛЫҚ СЕМИНАРЛАР МЕН КУРСТАРДЫ НЕҒҰРЛЫМ КЕШ МЕРЗІМГЕ АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ.

Егер жағдай 15 сәуірден кейін өзгермесе, Академия Мен оның филиалдары Moodle платформасында және YouTube бейнехостингінде ONLINE-ОҚЫТУҒА КӨШУ МӘСЕЛЕСІН ЖОСПАРЛАУДА. Вебинарларға тиісті сілтемелер біздің сайтта www.apa.kz орналастырылатын болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыстар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 7172 75 33 98 (Кәсіби даму институты). Толығырақ ақпарат кейінірек жарияланады.

Академияның ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ мен ОҚЫТУШЫЛАРЫНА жұмысты қашықтықтан ұйымдастыруға мүмкіндік берілді. Ол үшін Академияда және оның өңірлік филиалдарында қашықтықтан және штаттық негізде жұмыс істеуге арналған жоспар-кесте әзірленді. Персоналды басқару орталығы қызметкерлердің денсаулық жағдайына қатысты мониторинг жүргізу үстінде.

Жеке гигиена шаралары мен вирустық аурулардың алдын алу туралы тағы бір еске сала отырып, адамдар көп жиналатын орындарға барудан аулақ болыңыз, қолдарыңыз бен беттеріңізді жиі жуып, дезинфекциялық құралдарды қолданыңыз.

Байланыста болып, абай болыңыз! Қамқорлықпен және игі тілектерімен, Академия!

p.s. Әлеуметтік желілердегі ақпараттық хабарламаларға араласпаңыз және тек тексерілген және ресми көздерге сенім білдіруді сұраймыз.


Your browser does not support SVGs