Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аудара отырып, қазақ-қатар қарым-қатынасының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
Келіссөздерден барысында мемлекеттер басшылары бірқатар құжатқа қол қойды.
Соның ішінде, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігінің Дипломатия институты арасындағы дипломаттарды даярлау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
(akorda.kz)