Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына оқуға түсуге арналған конкурстық іріктеудің нәтижелері белгілі болды
2020 жылдың 7 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ректоры – Ерлан Әбілдің қатысуымен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына оқуға түсуге арналған конкурстық іріктеудің қорытынды нәтижелері бойынша онлайн конференция өтті. Тікелей эфир мемлекеттік басқару Академиясының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парашқасында өтті.
Академия ректоры онлайн-іріктеу жүргізу бойынша Академияның бірегей тәжірибесі, конкурстық іріктеу кезеңдерін өткізу барысы туралы айтып, бағалау жүйесіне, дескрипторларға және бағалау критерийлеріне, бағалаушылар мен сарапшыларға қатысты үміткерлерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беріп, жаңа оқу жылына қатысты толық ақпаратпен бөлісті.
«Академия іріктеу форматын жетілдіру және оның процестерін автоматтандыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп келеді. Біз Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ішінде алғашқылардың бірі болып құжаттарды қабылдау мен іріктеудің барлық процесін толығымен онлайн режімге көшірдік. Ол үшін серіктестерімізбен бірлесе отырып, АРНАЙЫ APA.TALANTIZ.KZ ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕДІК. Аталмыш платформа үміткерлер үшін жеке кабинет құрып, сол арқылы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға тестілеуден және ситуациялық кейс негізінде онлайн режимінде әңгімелесуден өтуге мүмкіндік берді. Іріктеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сарапшылармен жүргізілген әңгімелесуден кейін, үміткерге қойылған бағалау нәтижесі бірден жеке кабинетте белгілі болды«, – деп атап өтті ректор онлайн-конференция барысында.
Үміткердің жазбаша жұмыстары ішкі және сыртқы сарапшылармен бағаланды. Әр жазбаша жұмыс жеке дара шифрмен таңбаланғандықтан, сарапшылар үшін үміткерге қатысты ақпараттың барлығы қолжетімсіз болды және кездейсоқ тәртіпте үйлестірілді. Үміткердің бір жұмысын кем дегенде 2 сарапшы бағалады. Әңгімелесу кезеңі де комиссия мүшелерімен бағаланды. Әңгімелесу уақыты аяқталған соң, бірден 10 минут ішінде үміткердің жеке кабинетінде бағалау нәтижесі белгілі болды.
Комиссия мүшелерінің құрамына қатысты Академия ректоры: «Академия әңгімелесу кезеңін өткізу үшін комиссия мүшелері ретінде Президент Әкімшілігінің, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және шетелдік серіктестердің жауапты қызметкерлерін тартты. Бұл оқуға тапсырған үміткерлерді транспарантты түрде іріктеуді қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар Академияның негізгі стейкхолдерлерін даярлау процесіне тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, барлық қойылған бағалар жүйеде еш түзету мүмкіндігінсіз автоматты түрде сақталды«.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау 1 қаңтардан 10 шілдеге дейін жүзеге асырылды. Үміткердер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни, 2020ж. 10 шілдеге дейін қажетті құжаттарды біртіндеп жүктеуге мүмкіндік алды.
Жалпы, биылғы жылы Академияға оқуға 744 адам құжат тапсырды, оның ішінде 434 үміткер барлық бекітілген талаптар бойынша тіркеуді аяқтаса, 334 үміткер ағылшын тілінің деңгейін растап, әңгімелесуден өтті. Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша оқуға 183 үміткер қабылданды.
Айта кету керек, мемлекеттік грантқа 132 адам, басқа қаржыландыру көздері бойынша Академияға оқуға 51 адам түсті. Магистратураға – 168 адам, докторантураға – 15 адам.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларына өту балы – 70,68%, ал, докторантура үшін – 80,7% құрады.
Орталық мемлекеттік органдардан түскен үміткерлердің ең көп саны ҚР Қаржы министрлігінен (14), МҚІА (13), Ұлттық экономика министрлігінен (10), Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен (8).
Жергілікті атқарушы органдар арасында ең көп түскендер саны бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан (12), Алматы облысынан (11), Маңғыстау және Атырау облыстарынан 9 адам.
Соңғы үш жылда Қазақстан Республикасының аймақтық өңірлерінен үміткерлер санының тұрақты өсімі байқалады. Мысалы, 2018 жылы 365 үміткердің 154-і; 2019 жылы 335 үміткердің 183-і; 2020 жылы 434 үміткердің 287-і жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатарынан болды.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Академия мемлекеттік қызметшілер арасында, әсіресе, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің арасында магистратура және докторантура бағдарламаларына оқуға түсу бойынша тұрақты негізде ақпараттық жұмыстар жүргізді. Instagram, Facebook, YouTube, ZOOM және MS Teams алаңдарында 2020 жылдың наурыз айынан бастап ашық есік күндері, эссе жазу және зерттеу жұмыстары бойынша мастер-класстар, консультациялар, бейне нұсқаулықтар және тікелей эфирлер онлайн-режимде өткізілді.