2019 жылдың 27 қыркүйегінде «25 қонақ дәрісі» білім беру жобасы аясында «Green Academy» ҰБО-ның директоры Есекина Бахыт Камалбекқызымен кездесу өтті.
Бақыт Камалбекқызы «Төмен көміртекті дамыту стратегиясы: халықаралық тәжірибе және Қазақстан» дәрісінде тыңдаушыларға климаттың әлемдік экономикаға әсері, өндірістік шығарындыларды азайтудың экономикалық тетіктері мен Қазақстанда INDC енгізу жолдары туралы айтып берді.
Дәріс барысында климаттың өзгеруінің әлемдік экономикаға әсерін талқылау кезінде ДДСҰ мәліметтері бойынша жыл сайын бүкіл әлемде қоршаған ортаның ластануынан 12 миллион адам қайтыс болатындығы айтылды. Әлемде көміртегі шығарындылары, жаһандық жылыну және отынның жануы өзекті мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді.
Үлгі ретінде Қытай тәжірибесін мысалға келтіре отырып, дәріскер: «Пекин және Цинхуа университеттерінің профессорлары Солтүстік Қытайдағы көмірді жағу салдарынан ауаның ластануы орташа өмір сүру ұзақтығын 5,5 жылға қысқартатынын анықтады. Су көздерінің 75%-ы және Қытайдағы егістік жерлердің 20%-ы ластанған. Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, ластанудың экономикалық құны жылына Қытайдың ЖІӨ-нің 9%-н құрайды», – деп мәлімдеді.
Ұзақ мерзімді төмен көміртекті стратегия (КТС) туралы айта отырып, Бақыт Камалбекқызы ҰДМ көрсеткіштерін қосып, негізгі индикаторларды әзірлеп, КТС-ны ұлттық жоспарларға қосу қажеттілігіне назар аударды. Төмен көміртекті стратегия инклюзивті және демократиялық болуы керек екендігі, сонымен бірге, үкіметтен басқа бизнес пен азаматтық қоғамның қатысу керек екендігіне аса көңіл аударылды.