Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры А. Мұхамедиұлының дәрісі

2019 жылғы 20 қыркүйегінде «25 қонақ дәрісі» білім беру жобасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесу өтті.

Өз сөзінде Арыстанбек Мұхамедиұлы 1998 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институтымен бірігу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясына айналған Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінде (ҰЖМБМ) оқыған жылдарын жылы лебізімен еске алды.

Дәріс барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы академия тыңдаушыларына кино индустриясы мен туризмнің қоғам дамуына әсері туралы айтып берді. Ол киноиндустрияның барлық прогрессивті елдер үшін кинематографпен аралас экономика, сервис, ойын-сауық, ішкі және халықаралық туризм салаларын қамтитын үлкен мультипликативті әсер жасайтын жоғары табысты бизнес екенін атап өтті.  

«Голливудтағы Universal Studio американдық кинокомпаниясының тамаша тәжірибесі бар, ол қосымша ойын-сауық сервисі арқылы жылына 1 миллиард турист пен жүздеген миллиард доллар инвестиция тартады. Біздің негізгі міндетіміз – ішкі аудиторияға арналған фильмдер мен халықаралық фестивальдарда біржолғы табысты көрсеткіштермен шектелмеу. Қазақстанға әлемдік кең прокатқа арналған кино түсіріп, Батыс және Шығыс Еуропа, Канада, Жаңа Зеландия және т.б. елдерінің үлгісі бойынша ірі кино өндірушілерді тарту қажет» – деп атап өтті дәріскер.

Қазақстандық кинематограф туралы әңгіме барысында, Арыстанбек Мұхамедиұлы бірнеше жыл ішінде прокаттағы ұлттық киноның үлесі екі есе өскенін (2014 жылғы 6% -дан 12,5%-ға дейін) атап өтті. Соңғы үш жылда 20 көркем, 67 деректі, 4 анимациялық суреттер шығарылды. Олардың барлығы еліміздің тарихы, мәдениеті, дәстүрі, қазіргі жетістіктері, тарихи тұлғалары, біздің заманымыздың батырлары туралы.

Дәріс барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы туризм индустриясын дамытудың отандық тәжірибесімен бөлісті. «Бүгінгі таңда Қазақстанда жаппай халықаралық туристерді тарту үшін теңдессіз қадамдар жасалды. Ең алдымен, біздің еліміздің аумағына визасыз кіруге құқығы бар мемлекеттердің тізімі кеңейтілді – бұл сапалы, төлем қабілеті бар саяси дамыған және тұрақты әлемнің 64 елі. Екіншіден, Үндістан мен Қытай азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз транзит енгізілді. Үшіншіден, пилоттық режимде осы жылдың 1 қаңтарынан бастап әлемнің 128 елі үшін Е-VISA электронды визаларының тетігі, сондай-ақ «Жібек жолы» визасы іске қосылды».

Сөз соңында Арыстанбек Мұхамедиұлы киноиндустрия мен туризмнің сәтті симбиозын қамтамасыз ете отырып, біз зор серпіліс жасай алатынымызды, сонымен бірге, осы бағыттарды бірлесіп дамыта отырып, ел экономикасы үшін мүлдем жаңа және табысты нарық құрып, Қазақстанның әлемдік алаңдағы беделі мен мәртебесін қарқынды түрде арттыратынымызға көз жеткізе алатындығымызды атап өтті.


Your browser does not support SVGs