Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және тәжірибе» тақырыбында оқыту курстары өтті

21-23 қыркүйек аралығында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың, қалалардың, аудандардың және қаладағы аудандардың жастар ұйымдарының өкілдері үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және практика» оқыту курстары өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Академияның Электоралды оқыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Оқыту курсының мақсаты – білім алушыларға Қазақстандағы сайлау үдерісі туралы біртұтас түсінік қалыптастыру және жастардың сайлау жүйесіне сенімін арттыру.

Тыңдаушылар алдында ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары К.В. Петров, Академиялық қызмет жөніндегі вице-ректоры Б.Н. Бокаев және ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері сөз сөйледі. Үш күнге созылған оқытуда Қазақстандағы сайлау науқандарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілері туралы, оның ішінде президент сайлауындағы сайлауалды үгіт-насихат әдістері, мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және т. б. өзара іс-қимылдың қағидаттары мен стандарттары туралы ақпараттар берілді. Қатысушылар жастардың электоралдық мәдениеті бойынша тренингтен өтті. Сонымен қатар, тыңдаушылар сайлау саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды құқықтық саралау және жас сайлаушылардың құндылық бағдарлары мен мінез-құлық үлгілерімен тренингтік сабақтарда танысты. Курстың соңында әр қатысушыға курстан өткені туралы сертификат берілді.


Your browser does not support SVGs