Жаңалықтар

Қазақстан үшін диаспоралардың өзгермелі рөлі мен тәжірибесі

Академия Дипломатия институтының ассистенті, ХКҚҰ ұлттық сарапшысы Бауыржан Бағлай Алматыда өткен «Қазақстан үшін диаспоралардың өзгермелі рөлі мен тәжірибесі: тұрақты экономикалық және әлеуметтік-мәдени нәтижеге жету мақсатында тиімді байланыстар орнату» халықаралық семинар-форумына қатысты.

Сарапшы «Ғылым, білім және мәдени қарым-қатынас» панельдік сессиясында сөз сөйледі. Халықаралық қатынастар саласында сыртқы саясаттың маңызды компоненті болып табылатын «Диаспоралық дипломатия» ұғымы мен оның еліміздегі қолдану аясы, диаспорамен байланыс орнатудың үздік тәжірибелері, шетелдегі диаспора өкілдерімен дипломатиялық каналдар арқылы байланыс орнату стратегиялары бойынша пікір білдірді.


Your browser does not support SVGs