Жаңалықтар

Қазақстан тарапынан дамуға ресми көмек

2014 жылғы желтоқсанда Қазақстан «Дамуға ресми көмек туралы» (ДРК) Қазақстан Республикасының Заңын қабылдап, әлемдік қоғамдастықтың жауапты қатысушысы ретіндегі өз рөлін растады. Қазіргі уақытта ҚР сыртқы саясатының басымдықтарына сәйкес ДРК жүйесін қалыптастыру үдерісі жүргізіліп жатыр.

Басқа елдерге көмек көрсетуде жарты ғасырдан астам тәжірибесі бар Жапония Қазақстанның бұл қадамын барынша қолдайды. JICA жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігі дамуға ресми көмек саласындағы өз тәжірибесімен бөлісуде. Қазақстанда бүгінгі күні Агенттіктің экс вице-президенті Цунео Курокава (Tsuneo Kurokawa) басшылығымен JICA делегациясы сапарда жүр. 7 ақпанда Цунео Курокава дамуға ресми көмек мәселелерінде халықпен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі бойынша Академияның қызметкерлері мен білім алушыларына дәріс оқыды. Сондай-ақ, ынтымақтастың ықтимал бағыттары туралы Академия басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Атап өткен жөн, Мемлекеттік басқару академиясы дамуға ресми көмек бағыты бойынша ЮНИСЕФ-Қазақстанмен бірлескен жобаны іске асыруда.


Your browser does not support SVGs