Жаңалықтар

«Қазіргі заманғы сын-қатерлер және экономиканы қайта құру»

2021 жылдың 24 ақпан күні Елбасы кітапханасы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен бірлесіп «Қазіргі заманғы сын-қатерлер және экономиканы қайта құру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференцияға М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры В.А.Садовничий, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігінің төрағасы Қ.Н.Келімбетов, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі А.Н.Бородавкин, Ұлттық экономика министрі Ә.А.Ерғалиев, Қазақстандағы ММУ филиалының директоры А.В.Сидорович, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Мәскеу экономика мектебінің директоры, РҒМ академигі А.Д.Некипелов, М.В.Ломоносов атындағы ММУ саясаттану факультетінің мемлекеттік саясат кафедрасы меңгерушісі В.И.Якунин, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Р.С.Ошақбаев, М.В.Ломоносов атындағы ММУ экономика факультетінің деканы А.А.Аузан, Қазақстан мен Ресейдің жетекші ғалымдары, экономика, қаржы саласындағы зерттеушілері мен сарапшылары қатысты.

Қатысушыларға құттықтау хатын жолдаған Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев еліміздегі ММУ филиалынан түлеп ұшқан азаматтардың егемен Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Конференция пандемия тұсындағы жаһандық экономиканың даму үдерісін талдап, Еуразия экономика одағы аясындағы Қазақстан мен Ресей серіктестігінің оң бағыттарын, экономика секторының қалыптасуындағы негізгі және қолданбалы ғылымның рөлін саралады.

Дәл осы университеттің мінберінен 1994 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті еуразиялық интеграция идеясын алғаш жариялаған болатын. Ол тұста Елбасының еуразиялық бастамасы расында да жаңашыл еді. Сондықтан оның жасампаз мазмұнын қабылдауға кез келген адам дайын бола қойған жоқ. Алайда даму сынақтарын шұғыл игерудің мұқтаждығы, халықаралық білестіктермен байланысқа түсіп, жаһандық нарыққа ілесудің қажеттілігі тығыз экономикалық қарым-қатынастың бұлтартпастығын көрсетті.


Your browser does not support SVGs