ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2020 жылғы 9 қазанда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында докторанттарға дипломдарды табыстау рәсімі өтті.
Айта кету керек, осыған дейін 2020ж. 17 сәуірде Академия ұжымы пандемия жағдайында алғаш рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің (а.ж. 1 сәуірдегі
№ 123 «Қазақстан Республикасындағы Төтенше жағдай кезеңінде диссертациялық Кеңес мүшелерінің докторанттардың докторлық диссертацияларын қорғауға қатысуы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану есебінен қамтамасыз етіледі») бұйрығына сәйкес диссертациялық жұмыстарды қорғау процесін Microsoft Teams платформасында онлайн форматта сәтті өткізген болатын.
Бүгінгі таңда Академияда екі диссертациялық кеңес жұмыс істейді:
Бірінші кеңес «6D051000 – мемлекеттік және жергілікті басқару», «6D050600 –Экономика», «6D090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша;
Екінші кеңес – «6D020200 – Халықаралық қатынастар» мамандықтары бойынша.
Академияның диссертациялық кеңестері Қазақстан Республикасында бейіні бойынша доктор және PhD дәрежелерін беруге құқығы бар санаулы кеңестердің бірі, өйткені ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы – ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны.
Гүл Ғабдулуалитқызы Жүсіпованың диссертациясын қорғау 2020 жылғы 19 қыркүйекте «Әлеуметтік сектордағы Мемлекеттік басқарудың тиімді моделі ретінде проактивті цифрлық үкімет» тақырыбында «6D051000 – мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады. Диссертация ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің негізінде орындалды.
Мұхаметқалиева Елмира Мамытжанқызының диссертациясын қорғау 2020 жылғы 19 қыркүйекте «6D051000 – мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша «ҚР Мемлекеттік басқару органдарының норма шығармашылық қызметіне қоғамдық қатысуды жетілдіру» диссертациялық жұмыс қорғады. Диссертация ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Басқару институты базасында орындалған.
Нұртазина Гүлжан Сабырқызының «6D051000 – мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін 2020 жылғы 25 қыркүйекте «ДСҰ-ға мүшелік жағдайында ҚР ветеринария жүйесін мемлекеттік басқару» тақырыбында диссертация қорғауы өтті. Диссертация ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің негізінде орындалды.
Диплом тапсыру рәсімінде Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Ерлан Әбіл және стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі Вице-ректор – Айгүл Көшербаева докторанттарды құттықтап, еңбек қызметіне табыс тіледі.