Жаңалықтар

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ

2020 жылғы 26-27 Қазанда аралығында Академияның институционалдық аккредиттелуі бойынша Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігінің (IQAA) сараптама тобы сырттай тексеру жүргізді.

Аккредиттеу кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Академия 5 жыл мерзімге аккредиттелді.

Аккредиттеу кеңесінің мүшелері оң тәжірибе ретінде «Цифрлық Академия» жобасының жұмыс істеуін, инфрақұрылымның жаңартылуын, Академияны басқарудағы жобалық менеджменттің жұмысын, қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыруды, жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және қайта қарау ісіне белсенді қатысуын, білім беру процестеріндегі практикаға бағытталған тәсілді атап

өтті.

Әріптестерімізді институционалдық аккредитациядан сәтті өтулерімен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!


Your browser does not support SVGs