19-20 шілде күндері Академияның ұйымдастыруымен Қырғыз Республикасы Президент Әкімшілігінің, Үкіметінің, мемлекеттік органдардың, Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдеріне мемлекеттік басқарудағы жобалау менеджменті аясында тәжірибемен бөлісу өткен болатын.
Кездесудің басты мақсаты – Мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық тәсілді енгізу тәжірибесімен алмасу және екіжақты қарым-қатынас орнату.
Екікүндік шараға Қырғыз Республикасының және ҚР Президенті әкімшілігі, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, Астана мемлекеттік қызмет хабы, ҚР Үкіметі жанындағы Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу кеңсесі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Цифрлық үкіметті қолдау орталығы, Нұр-Сұлтан қ. әкімдігі өкілдері қатысты.
Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент, мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық басқаруды енгізу, жобалық менеджмент саласында нормативтік және әдістемелік база, мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың қызметі, еңбек ресурстарын дамыту орталығының жұмысы, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жобалық кеңсесінің жұмысы, Павлодар облысына жобалық басқаруды енгізу тәжірибесі, мемлекеттік басқаруда жобалық менеджменттің дамуында Академияның ролі туралы өзекті тақырыптар бойынша таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Екікүндік кездесулердің қортындысы ретінде мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық менеджментті енгізу саласында Қазақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастығы талқыланды.