Жаңалықтар

Ректор Фатима Жақыпова Македония Республикасының Ақпараттық қоғам және әкімшілік министрлігінің мемлекеттік хатшысы Яхи Яхья кездесу

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ректор Фатима Жақыпова Македония Республикасының Ақпараттық қоғам және әкімшілік министрлігінің мемлекеттік хатшысы Яхи Яхья және Македония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Илья Псалтировпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Академияның магистрлік және біліктілік арттыру бойынша қысқа мерзімді білім беру бағдарламалары шеңберінде Македония Республикасының мемлекеттік қызметшілерін оқыту бойынша ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ кездесу аясында мемлекеттер арасында сарапшыларды өзара шақыру арқылы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметте тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.


Your browser does not support SVGs