Жаңалықтар

Ректор Фатима Жақыпованың Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары, оқытушылары мен қызметкерлеріне Алғыс айту күніне орай үндеуі

Құрметті магистранттар, докторанттар, оқытушылар, қызметкерлер!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке ізгі дәстүрге ұласуда, сондай-ақ Қазақстан халқының біріктіруші күші болып табылады.

Алғыс айту күнін атап өту – ортақ тарихымыз, бір-бірін қолдаудың арқасында бірлесе бастан өткерген қиындықтар туралы естеліктер негізінде көп ұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау мен дамытуға бағытталған.

Біздің жерімізде ғасырдан ғасырларға берік достық қатынастар, қонақжайлылық пен өзара көмек бағаланып отырған. Халық айтады: «Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес». Қиын-қыстау депортация жылдары біздің еліміз жүзден аса этностың туған үйіне айналды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастама ретінде көтерген бүгінгі мереке – барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген қайырымдылығы, достығы мен махаббатының көрінісі болмақ. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі әлемдегі табысты үлгілердің біріне айналғаны да кездейсоқтық емес.

Осы атаулы күні Қазақстанның әрбір тұрғынына өзінің және басқа халықтардың дәстүрлерін құрметтей отырып, төзімділік сезімінің нығаюына тілектестік білдіремін. Құт-береке мен молшылық тілеймін!

Ректор Фатима Жақыпова


Your browser does not support SVGs