Жаңалықтар

Ректор Сербияда өткен NISPAcee конференциясына қатысты

Академия ректоры Ерлан Әбіл Сербияның Белград қаласында NISPAcee жыл сайынғы конференциясына қатысты.

Конференцияны NISPAcee президентi Calin Hintea ашып, қатысушыларды 3 күн бойы заманауи цифрландыру үрдісінің білім беру, мемлекеттік басқару мен дамуға әсерін, болашағын талқылауға шақырды.

Ректор «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту арқылы инновациялық ойлау дағдыларын жетілдіру» сессиясында сөз сөйледі.  Ерлан Қуанышұлы сөзінде конференция ұйымдастырушыларына, сондай-ақ семинарды ұйымдастырушыларға болашақтың ілгерілеуіне қол жеткізу үшін мемлекеттік басқаруды дамытудың үздік тәжірибелерін алмасуға мүмкіндік беретін алаң ұсынғандарына алғысын білдірді. Сессия барысында ректор ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында инновациялардың қалай енгізіп жатқанын, олардың Тұрақты даму мақсаттарына жетуге қалай ықпал ететінін сөз етті. Сондай-ақ Академияның тәжірибесіне қысқаша тоқталып, осындай халықаралық диалог алаңдары Жаһандық тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси процестердегі инновацияларды дамытудың сенімді платформасына айналатынын атап өтті.

БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаменті (UNDESA) және Астана мемлекеттік қызмет хабы (ACSH) қолдауымен өткізген іс-шараға 200-ден астам сарапшы, ғылыми және мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

1995 жылы негізі қаланған Орталық және Шығыс Европаның мемлекеттік басқару институттары мен мектептері желісінде (NISPAcee) 40 елден 100-ге тарта институт пен сарапшы мемлекеттік басқаруды модернизациялау және демократиялық даму саласында  сараптамалық жұмысты жемісті түрде атқарып келеді.


Your browser does not support SVGs