Жаңалықтар

Ректордың Қытай Ұлттық мемлекеттік басқару академиясы өкілімен кездесуі

Академия ректоры Ерлан Әбіл Астана мемлекеттік қызмет хабының «МЕРИТОКРАТИЯ. АДАЛДЫҚ. ИННОВАЦИЯ» тақырыбында өткен конференциясы аясында Қытай Ұлттық мемлекеттік басқару академиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер орталығының жетекшісі Жу Лингжунмен кездесті. Кездесуде екі тарап Қытай Ұлттық мемлекеттік басқару академиясының ұсынысымен келешекте Қытай – Орта Азия Академиялары желісін құру жоспары бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар мемлекеттік басқару саласында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі арттыру жолдары талқыланды.


Your browser does not support SVGs