Жаңалықтар

Ресей Федерациясының мемлекеттік қызметшілері үшін мемлекеттік органдар қызметіне қазіргі басқарушылық технологияларды енгізу бойынша семинар

Қазақстан Республикасы Прездиентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Ресей Федерациясының басқарушы кадрлар қорының базалық және перспективті деңгейі үшін «Мемлекеттік органдар қызметіне қазіргі басқарушылық технологияларды енгізу» тақырыбындағы семинар бастау алды.

Семинарға Ресей Федерациясының әр түрлі өңірлерінен 30 мемлекеттік қызметші – министрліктердің қызметкерлері, басқарламалар мен департаменттердің басшылары және басшыларының орынбасарлары қатысып жатыр.

Семинар мемлекеттік органдарға қазіргі басқарушылық технологияларды енгізу үшін қажетті кәсіби дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар семинар барысында әкімшілік реформаларадың негізгі бағыттарымен және Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің басқарушы корпусы институтын қалыптастыру және жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының тәжірибесімен танысады.

Семинар бағдарламасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.А. Шаимова ашты, ол семинар тыңдаушыларына қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі бағыттары туралы баяндады.

Екінші сессияда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ф.Н. Жакыпова мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру тақырыбында сөз қозғады.

Спикерлер ретінде сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Академияның профессорлық құрамы сөз сөйлейтін болады.

Семинар 2017 жылғы қыркүйектің 24-нен бастап 30-на дейін жалғасады.


Your browser does not support SVGs