25 жылЖаңалықтар

Родина ауылында «Make it smArt» жазғы мектебі өтті

2019 жылғы 24 – 29 маусымда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола филиалы жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп Целиноград ауданы Родина ауылындағы ауыл мектептерінің оқушылары үшін «Make it smArt» жазғы мектебін өткізді.

Бұл Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылында өтіп жатқан төртінші жазғы мектеп. Идеяның авторы және ұйымдастырушысы – Родина ауылының бұрынғы әкімі, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Белла Газдиева. Оның айтуынша, биылғы жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалы Академияның 25 жылдығына орай «Шексіз білім» жобасын жүзеге асырды. Әлеуметтік жоба көп балалы аналар мен жетім балалармен жұмыс істеуге бағытталған. Жоба шеңберінде аналарды қаржылық сауаттылыққа үйретеді, оқыту сабақтарын өткізеді, ал балалармен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын, мотивациялық тренингтер, түрлі форматтағы сабақтар, көшбасшылық және коммуникация бойынша семинарлар өткізеді, өмірде қажетті дағдыларға үйретеді. Осы жоба аясында Жазғы мектеп өткізілуде, оның мақсаты – ауданның ауылдық мектептерінің оқушыларының soft-дағдыларын және тілдік құзыреттілігін дамыту.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бір апта ішінде ағылшын тілін үйрету өте қиын, бірақ біздің басты міндетіміз – ауыл балаларының өздеріне деген сенімі ұлғаюы үшін олардың тұлғалық қасиеттерін аша түсу. Жазғы мектепті өткізуге «Болашақ» бағдарламасының түлектері, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының волонтерлері, Ұлыбритания елшілігінен және HAILEYBURY SCHOOL ASTANA мектебінен, Назарбаев Зияткерлік мектебінен, республикалық жастар ұйымдарынан шақырылған қонақтар көмектесуде. Осы жылы кинемотограф, кескіндеме, заманауи өнер, журналистика және блоггинг, көпшілік алдында сөз сөйлеулер, дизайн, бейне және фотосуреттер, сондай-ақ ғылым, биотехнологиялар және басқа да көптеген мәселелер туралы айтқан өнер саласының өкілдері көп болды.

Сонымен қатар жазғы мектеп аясында мұғалімдер үшін де семинарлар өткізілуде. Егер өткен жылы семинарлар критериалды бағалауға, оқытудың заманауи нысандары мен Назарбаев Зияткерлік мектептері жұмысының мәдениетіне қатысты болса, биылғы жылы креативті кәсіпкерлік басты назарда болды. Кәсіпкерлік бойынша семинарды «Атамекен» ҰКП сарапшылары жүргізді.

Өз кезегінде, ҚР Президентінің жанындағы МБА ректоры Әлтаир Ахметов мұғалімдер үшін спиральді динамика теориясына арналған қызықты семинар өткізді. Бұл спираль моделі – түрлендіру процесін басқаруға мүмкіндік беретін құрал. Бірақ, оларды пайдалану үшін ең алдымен адам немесе ұжым дамудың қай деңгейінде екенін түсіну қажет, сонда өзгерістерді енгізу әдістерін тиісті түрде таңдауға болады. Бұл деңгейлер тұлғаның типін емес, ойлау тәсілін сипаттайды.

Жазғы мектептің қатысушылары Родина ауылының 50-ден астам балалары болды. Соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Айта кету керек, Родина ауылындағы мектеп STEM-зертханасы бар, онда оқушылар сабақ барысында практикалық білім алуы үшін бірыңғай қызықты оқу үдерісіне ғылыми, техникалық және басқа да құрамдас бөліктерді біріктіретін, инфрақұрылымы дамыған эксперименталды мектеп болып табылады. Мектептің басты міндеті – жақын маңдағы ауылдар мен аудандардың оқушылары Родина ауылына келіп, роботтехникалық кабинеті мен зертханаларды пайдалана алу үшін, кездесулер мен түрлі іс-шараларға қатысуы үшін тартымды болу.

«Мен ауыл мектебінің қалалық деңгеймен тең болғанын қалаймын, әлеуметтік лифт ретінде жұмыс істесе екен деймін.  Ол үшін өз талпынысымыз бен осы жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар және немқұрайлы емес азаматтар – волонтерлер, «Болашақ» бағдарламасының өкілдері, мұғалімдер, кәсіпкерлер тарапынан көмек қажет», – деп қорытындылады МБА Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Белла Газдиева.  


Your browser does not support SVGs