Новости

Президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауына үн қосу

Соңғы екі жылда жаһанға тараған індет әлем елдерін алаңдатып, дағдарысқа ұшыратты. Әсіресе денсаулық сақтау, экономикалық саланың әлеуеті сынға түсті. Қазақстан үшін де оңайға соқпағаны белгілі. Бір ғана білім беру саласын алар болсақ, қашықтан оқытуға келгенде цифрлық мүмкіндігіміздің шектеулі екенін сезіндік. Әсіресе шалғай ауыл-аймақтағы балалардың сапалы білім алуы қиынға соқты. Әрине, құзырлы органдар қарап қалған жоқ, мәселені шешуге кірісті, шама-шарқынымен оңтайландырды. Бұл жағдай бір жағынан еліміздің телекоммуникация жүйесін дамытып, көзден жырақта өмір сүріп жатқан халықты интернет желісімен қамтамасыз етуге үлесін қосты. Биылғы Жолдауында Президент Үкіметке ақпараттық жүйенің сапасын одан әрі жақсартуды шегелеп тапсырды. Бұл да дамуға бет бұрған елдің бір көрінісі.

Тағы бір маңызды мәселе – мемлекететтік басқару жүйесі. Оның ішінде жергілікті билік пен халықтың қарым-қатынасы еркін әрі айқын болуы қажет. Мұны сөз жүзінде шешкенімізбен оны қабылдау мен іс жүзінде қолдануға келгенде әкімдердің құлшынысы сезілмейді. Сондықтан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» болайық деп шешім қабылдады Президент. Биыл ауыл әкімдерін халық өзі сайлады. Ендігі жерде олардың жұмысы тәуелсіз әлеуметтік сауалнама арқылы бағаланатын болды. Осылайша мемлекеттік басқару саясаты да ілгерілемек. Мұндай өзгерістер ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамаларының жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі.

 

Еркін Дүсіпов
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясының бірінші вице-ректоры


Your browser does not support SVGs