Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Надырқызы Жақыпова білім саласындағы үздік қызметі үшін мемлекеттік награда – «Құрмет» орденіне лайықты деп танылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Фатима Надырқызының білім беру саласындағы маңызды үлесін атап өтті. Сонымен қатар, іске асырылғалы жатқан «Цифрлы Академия» жобасы Қазақстанның мемлекеттік органдарында цифрлы технологияларды одан әрі тиімді пайдалану үшін жақсы негіз болатынын атап өтті.