Академия мемлекеттік қызметшілерді дамыту бойынша достас елдердің ұйымдарымен серіктестік қатынастарды кеңейтуде.
Академияның Түркістан қаласындағы филиалында «Интеграция коды 2022» тақырыбындағы адами капитал бойынша халықаралық форум алаңында Түркия Республикасы Президентінің жанындағы Адами ресурстарды басқару кеңсесімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою үшін Түркістанға Адами ресурстарды дамыту бөлімінің басшысы Саваш Джейлан мен Басқару саласында қызмет көрсету департаментінің жоба жетекшісі Мевлют Бюлут келді.
Тараптар персоналды оқыту, кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру, персоналды бағалау бағытында ынтымақтастық орнату туралы уағдаласты. Тараптар hr менеджмент саласында бірлескен жобаларды іске асыруға үлкен қызығушылық танытты.