Жаңалықтар

Сайлау ұйымдастырушылары кәсіби құзыреттіліктерін арттырды

Академияда «Аумақтық сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру негіздері» тақырыбында оқыту курсы өтті.

Шара АСК-ның жаңа мүшелері – сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Курс қатысушыларға сайлау процесін және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырудың практикалық дағдыларын үйретуге бағытталған. Оған аумақтық сайлау комиссияларынан 60-қа жуық адам қатысты.

Оқыту курсында ҚР Орталық сай төрағасының орынбасары Константин Викторович Петров «Қазақстан Республикасы сайлау институты» тақырыбында және ОСК мүшелері «Сайлауды халықаралық бақылау: стандарттар және практикалық тәжірибе», «Сайлау процесіндегі құқықтық жауапкершілік», «ҚР электоралдық оқыту жүйесін дамыту: қорытындылары мен перспективалары», «Сайлауды қаржыландыру: мемлекеттік және мемлекеттік емес» тақырыптарында баяндама оқыды.

Сондай-ақ Жанар Қалиқанқызы Боқанова сайлау комиссиясы мүшесінің портреті, Гүлмира Болатқызы Аяпбергенова стресс-менеджмент, Сайлаугуль Алюметовна Омарханова мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету туралы тренинг өткізді. Курс соңында қатысушыларға сертификат табысталды.

Оқыту курсын ҚР Орталық сайлау комиссиясы және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Электоралдық оқыту орталығы бірлесе ұйымдастырды.


Your browser does not support SVGs