Жаңалықтар

САЯСИ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОҚЫТЫЛДЫ

22-24 қазан күндері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында саяси мемлекеттік қызметшілерге арналған білім беру семинар-тренингі өтті. Елімізде жобалық басқару бойынша нормативтік база құрылғаннан бері алғаш рет «Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған оқыту шарасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша өткізілді.

Семинар-тренингке жобаларды әзірлеуге, іске асыруға, мониторингілеу мен бағалауға тікелей қатысатын Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, вице-министрлер, облыс және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Тренерлер құрамы Академияның сертификатталған жоба менеджерлері мен бизнес-тренерлерінен құралған. Іс-шара бағдарламасы елімізде жобалық қызметті ұйымдастыруға және Он ұлттық жобаны және Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іс жүзінде іске асыруға бағытталған. Оқыту барысында басшыларды жобалық қызметке тарту үшін мемлекеттік органдарда жобалық басқару құралдары мен тәсілдерін қолдану мәселелері қарастырылды. Семинар-тренингтің ұйымдастырушылары ҚР Президенті Әкімшілігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы.

Шара эпидемиологиялық жағдай мен вакцинацияны ескере отырып, оффлайн форматта өткізілді.

Семинар-тренингтің қорытындысы бойынша 74 саяси мемлекеттік қызметшіге оқыту бағдарламасын сәтті аяқтағаны үшін сертификаттар табысталды.


Your browser does not support SVGs