Академия парақорлыққа қарсы басқару жүйесінің сертификаты бар аккредиттелген алғашқы мемлекеттік ұйым болып табылады.
2020 жылдан бастап Академия ISO 37001:2016 стандартын оқыту және енгізу бойынша қызмет көрсетеді.
Академияның 20 сертификатталған комплаенс қызметкері мен 30 сыбайлас жемқорлыққа қарсы жетекші аудиторы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды парақорлыққа қарсы басқару жүйесін енгізу бойынша оқытып, сертификаттауға дайындайды.
Академияның дамыған салалық құрылымы (17 филиал) Қазақстанның барлық аймақтарында оқытуды жүргізуге мүмкіндік береді.
ISO 37001:2016 стандарты бойынша ұйымды сертификаттауға дайындау және енгізу қызметтерінің құны жеке болып табылады. Баға персонал санына, ұйымның қызмет саласына, процестердің күрделілігіне, филиалдар санына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің санына және т.б. байланысты.