Жаңалықтар

Шанхай саяси ғылымдар және құқық университеті делегациясының сапары

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына Шанхай саяси ғылымдар және құқық университетінің вице-президенті Ху Цзилинг бастаған университет делегациясы ресми сапармен келді.

Ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылау мақсатында делегация Академия ректоры Ф. Жақыповамен және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қазіргі мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулер және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру аясындағы әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.

Тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер өткізуді, тағылымдамаларды ұйымдастыруды, сарапшылармен алмасуды көздейтін Бірлескен іс-қимыл жоспарының жобасын қарастырды. Сондай-ақ, тараптар екі мекеме арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға уағдаласты. Ынтымақтастықтың алғашқы қадамдарының бірі Академияның жас зерттеушісі А. Алмашқа ғылыми жұмысты жүргізу үшін $5 000 грантты қытайлық тараптың бөлуі болды, енді ол ғылыми мақаламен жұмыс бойынша Шанхайда 3 апта өткізеді.

Академия мен Шанхай университетінің арасындағы әріптестік өңірлік қауіпсіздік және мемлекеттік басқару, сондай-ақ екі елдің және өңірдің мемлекеттік қызметі саласындағы адами капиталды дамыту аясында ынтымақтастықтың тереңдеуіне ықпал ететін болады.

1984 жылы Шанхай саяси ғылымдар және құқық университетінің негізі қаланған. Бүгінгі таңда университетте 31 мамандық бойынша әлемнің 40 мемлекетінен 10000 жуық студент білім алып жатыр. Университет магистрлік және докторлық бағдарламалар бойынша оқытуды жүргізеді, сонымен қатар, экономика, өңірлік қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар саласында сарапшылар пулына ие.


Your browser does not support SVGs