Жаңалықтар

Шетелдік ғалыммен кездесу өтті

Бүгін Академияда доктор Мехмуд Уль Хассан Ханмен кездесу өтті. Арнайы келген мейманға Академияның білім беру, ғылыми бағыттары таныстырылды. Сөз барысында қазақ халқының тарихи терең дипломатиялық стратегиясы да айтылды.

Мехмуд Уль Хассан Хан – Пенджаб (Лахор, Пәкістан) университетінің түлегі. Менеджмент, маркетинг, экономика және басқару саласының маманы. Оның федералды үкіметтің әр түрлі бөлімдерінде ауқымды тәжірибесі бар. Сонымен қатар ол зерттеу, мәдени дипломатия, бейбітшілік, қақтығыстарды шешу және қорғаныс саласында бай тәжірибе жинақтаған. Пәкістандағы Қазақстан мен ТМД елдерінің сарапшысы, Қазақстан туралы жазылған мақалалардың авторы.

Кездесуде пәкістандық ғалым алдағы уақытта әріптестік ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді. Екі тарап әлі де келіссөз жүргізіп, зерттеу жобалары бойынша екі жақты Меморандум жасасуға уәделесті.


Your browser does not support SVGs