Жаңалықтар

Сингапур тәжірибесі: іштен көзқарас

Академия Сингапур Премьер-Министрінің жанындағы Сингапур мемлекеттік қызмет колледжімен бірлесе отырып, «Темасек» сингапурлық даму қорының қолдауымен Қазақстан мемлекеттік қызметшілерінің әлеуетін арттыруға бағытталған жобаны жүзеге асырып жатыр. Мемлекеттік қызметшілер жоба аясында Сингапурда апталық интенсивті оқудан өтуде.
Тыңдаушылар оқу барысында Сингапурдағы басқару қағидаттары мен тәсілдерін, экономикалық табыс факторларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектілер мен басқа да мәселелерді зерделеуде. Оқытуды Сингапурдың бұрынғы және қызметтегі мемлекеттік қызметшілері жүргізуде, бұл табысты тәжірибе туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасының тағы бір ерекшелігі Сингапурдың мемлекеттік органдарына барып көру және олардың жұмыс тәжірибелерімен танысу мүмкіндігі болып табылады.
Жоба Қазақстанда жалғасын тауып, мемлекеттік қызметшілер Академия базасында Сингапур тәжірибесін ескере отырып, елді әрі қарай дамыту үшін практикалық ұсынымдар жобасын әзірлейді және таныстырады.

 


Your browser does not support SVGs