Астанада «Қоғамдық құрмет – 2017» V жалпыұлттық сыйлығын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ілгерлеткені және академиялық адалдық қағидатын ұстанғаны үшін «Академиялық адалдық үлгісі» номинациясында марапатқа Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының атынан ректор Фатима Жақыпова лайық деп танылды.
Академиялық адалдық және парасаттылық – Академияның басты құндылықтарының бірі. Бұл Академия бірінші кезекте кәсібилікті, дербестікті, ашықтық пен сенімді қарым-қатынасты, сондай-ақ білім алушылардың жауапкершілігін бағалайды дегенді білдіреді.
Сыйлық «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігімен тағайындалды және БАҚ, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар өкілдері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жеке тұлғалардың айрықша еңбектерін атап өтуге бағытталған.