Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және комплаенс орталығы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстары шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс», «НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы» тақырыптарында 15-тен астам семинар өткізді.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік, жеке және үкіметтік емес секторлар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 100-ден астам тренингтер, семинарлар, TED Talks, кездесулер мен вебинарлар, сондай-ақ онлайн форматта «Мемлекеттік қызметтегі әдеп» пәні бойынша 6 курс өткізілді.
Қазақстандық және халықаралық сарапшылардың, мемлекеттік, квазимемлекеттік және үкіметтік емес секторлардың өкілдерінің қатысуымен 20-дан астам семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.