ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында уақытты тиімді басқару бойынша жеке құзыреттерін арттыруға ұмтылатын мемлекеттік қызметшілер үшін «Тайм-менеджмент және қызмет тиімділігі» тақырыбында кезекті үш күндік семинар өткізілді.
Курстың негізгі мақсаты-кәсіби құзыреттілікті арттыру және уақытты тиімді басқару бойынша практикалық дағдыларды дамыту.
Интерактивті форматта өткен сабақ барысында бағдарлама қатысушылары өздерінің тікелей қызметіне байланысты кейстерді талқылап, практикалық тапсырмаларды орындады.
Сонымен қатар, семинар аясында уақытты тиімді басқарудың ерекшеліктері мен уақыт ресурстарын басқару бойынша кәсіби құзыреттерді дамыту мәселелері қаралды.
Семинарды GTD өнімділік әдіснамасы бойынша сертификатталған тренер, коуч Ұлан Жармұхамедов, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік тілді оқыту кабинетінің аға оқытушысы Ләззат Ақтанова өткізді.