Ақтанова Ләззат Пернебекқызы
Аға оқытушы
l.aktanova@apa.kz

Білімі:
1. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1983 – 1988), Филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы;
2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі;
3. «Күйзелісті басқару» тақырыбындағы тренинг. PRO. Движение (24 қазан 2009, Астана қ.);
4. «Аударма теориясы мен практикасындағы қазіргі парадигмалар» ғылыми-практикалық семинар (26-28 қазан, 2010. Астана ГЗО «Парасат»);
5. «Независимый центр тестирования качества обучения» (г. Москва «АСТ ЦЕНТР») т.ғ.д., профессор В. И. Васильевтің авторлығымен жүргізілген әртүрлі деңгей қиындықтарындағы бағдарламалық-дидактикалық тестілік тапсырмаларды әзірлеу курсы (21-23 ақпан, 2011.);
6. «Оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру семинары; ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жалпы білім беретін пәндерді оқыту әдістемесіндегі инновациялар» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар. ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталық 9-11 наурыз, 2011 жыл;
7. «Оқу үдерісінде интерактивті тақтаны пайдалану» тақырыбындағы семинар-тренинг 7 – 20 ақпан 2012.;
8. «Мемлекеттік тілде іс жүргізу және құжат айналымы» тренинг 11 ақпан 2012.;
9. «Кадрлардың біліктілігін арттырудың дидактикасы мен әдістері» тақырыбындағы семинар;
10. ҚР Президентінің жанындағы МБА-ның профессор оқытушылар құрамына арналған «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың тиімді жолдары» тақырыбындағы семинар 28–29 қараша, 2013.;
11. Certificate of participation awarded to Lazzat Aktanova for the participation in Elsevier Author Seminar “How to Get Published in Scientific Journals” held on March 11, 2014 in the Republic of Kazakhstan;
12. «Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік және шет тілдерін меңгеруіне ықпал етуші экстралингвистикалық факторлар» тақырыбындағы семинарға қатысқаны үшін сертификат, 2015 жылғы 24 сәуір;
13. Innovative methods in English language teaching: language competence; translation expertise. Improvement of teaching programs and modules. Senior Experten Service, From the 5th till the 26th of September 2015;
14. Түркия Республикасы Әділет академиясының ұйымдастыруымен өткізілген біліктілікті арттыру семинары. 16 – 21 қараша, 2015.;
15. Using case studies as a research and teaching methodology. Ulster University 05. 2016.
Академияда жүргізетін курстары:
• Ресми-іскерлік қазақ тілі
• Ресми жазылым
• Іс қағаздарын және ресми хат алмасуды жүргізу
• Мемлекеттік қызметшінің кәсіби құзыретіндегі сөз мәдениеті
Кәсіби, ғылыми-зерттеу және әдістемелік бағытты:
• Педагогикалық үдерістің тиімділігін қамтамасыз ету;
• Білім алушылардың бастамашылық, шығармашылық, кәсіби дағдыларын қалыптастыру, тәжірибеде алған білімін пайдалана білу;
• Қызмет бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
• Оқу үрдісінің нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес тиімді әдістерді пайдалана отырып, аудиториялық қызметті сапалы жүргізу
Ғылыми еңбектері:
40-тан астам ғылыми мақалалардың, 1 оқу құралының авторы.
1. Қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда пікірталас әдісі арқылы оқыту/ «Перспективалық ғылыми зерттеулер» атты ХІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция. София, 2015. № 7 17 – 23бб.
2. Мемлекеттік тілді білу – заман талабы/ «ХХІ ғасырдың Еуропалық ғылымы» атты ХІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Польша, 2015. № 14 46 – 53 бб.
3. Мемлекеттік қызметшілердің сөздік қорын дамытудағы Абайдың ой тұжырымдары/ Назарбаев Университеті. Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Абай – әлемдік феномен» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Астана, 2015. 106 – 111б.
4. Мемлекеттік тілді оқытудағы ойын технологиялары/ «Ғылым және білім» ХІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Чехия, 2015. № 10 20 – 25 бб.
5. Мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреті/ «Ғылыми ой бағыттары» ХІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция Ұлыбритания, 2015. № 11 43 – 48 бб.
6. Ресми-іскерлік қазақ тілін оқыту үдерісінде интерактивті әдістерді тиімді пайдалану/ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. «Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік және шет тілдерін меңгеруіне ықпал етуші экстралингвистикалық факторлар» тақырыбындағы дөңгелек үстел материалдарынан. Астана, 2015. 78-85 б.
7. Мемлекеттік қызметшілердің лингвистикалық құзыреттілігін тыңдалым арқылы дамыту/ «Европейская наука ХХІ века» («ХХІ ғасырдың Европалық ғылымы) «Ғылым және білім» халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Польша, 2016. 64 – 74 бб.
8. Қазақ тілін ақпараттық технологиялар арқылы оқытудың тиімді жолдары/ «Новости передовой науки» («Дамығын ғылымның жаңалықтары») халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Болгария, 2016. 55 – 64 бб.
9. Ресми іскерлік қазақ тілінде тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімділігі/ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. «Современные технологии обучения государственному и иностранным языкам» тақырыбындағы Мемлекеттік және шет тілдері кафедрасының әдістемелік жинағы. Астана, 2016. 85 – 93 бб.
10. Тіл біліміндегі концепт ұғымы/ Перспективалық ғылыми зерттеулер. «Перспективные вопросы мировой науки» ХІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция. София, 2017 106 – 112 бб.
Марапаттары:
1. КР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік қызметшілерді даярлау ісіне қосқан зор үлесі үшін» Құрмет грамотасы.
2. КР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Академияның игілігі жолындағы істері және лауазымдық міндеттерді жауапкершілікпен атқарғаны үшін» Алғыс хаты


Your browser does not support SVGs