Жаңалықтар

Тиімді әріптестік және ынтымақтастық

Академияның Р2М, IPMA, PRINCE2 Practitioner бойынша сертификатталған жобалық менеджері, ҚР жобалық менеджмент саласындағы ұлттық стандарттары жөніндегі сарапшы-аудитор Жанар Тайжанова Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қасы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар жөніндегі Басқарушы комитетінің басшысы болып тағайындалды. Жанар Тайжанова комитетті қоғамдық негізде басқарады және Мемлекеттік басқару академиясында жұмысын жалғастырады.

Жанар Тайжанова 2017 жылдан бастап ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жобалық менеджментті дамыту орталығын басқарғандығын және Президенттің 2018 жылғы Жолдауында «Адалдық алаңы» жобасы туралы идея жария етілген сәттен бастап аталмыш жобаның консультанты болғандығын атап өткен жөн.

Академия 2013 жылдан бері елімізде жобалық басқаруды дамыту және ілгерілету бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізіп келе жатқандығын айту қажет. Осы жылдар ішінде Академия мемлекеттік қызметшілердің жобалық менеджмент саласындағы білімі мен құзіреттіліктерін жүйелендіру бойынша бірыңғай білім беру және әдіснамалық алаңға айналды. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстары аясында магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларына жобалық менеджмент бойынша сағаттар қосылды, жобалық менеджмент пәндері қарастырылды, ол өз кезегінде тыңдаушыларға жобалық менеджмент бойынша ұлттық, халықаралық сертификаттаудан өтуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, 2020 жылдың күз мезгілінде Академия мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті жетілдіру бойынша «Qazaqstan Project Management Awards 2020» бірінші ұлттық конкурсын ұйымдастырды. Оның мақсаты – өз қызметіне жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді енгізіп жүрген мемлекеттік органдарды, ұйымдарды қолдау, мемлекеттік қызметшілерді көшбасшылықты және жаңа құзіреттіліктерді дамытуға ынталандыру. Конкурс Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Жобалық басқару орталығының қолдауымен өтті, сондай-ақ аталмыш конкурсты жыл сайын өткізу жоспарлануда.

Мемлекеттік сектордың жобалық басқаруға, соның ішінде Ұлттық жобаларға көшуін ескере отырып, Академия мемлекеттік басқаруға жобалық және процестік менеджментті енгізу және оны жетілдіру бойынша бірыңғай тәсілдерді дамытуда, сол арқылы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін және мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыруға ықпалдасуда. Бұл Мемлекеттік басқару академиясының 2023 жылға дейінгі дамуының стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады.

Қазіргі таңда Академияның кәсіби жобалық менеджерлері орталық мемлекеттік органдардың жобалық кеңселерінің сәулетін жасау бойынша жұмыс істеуде, ал Академияның барлық аймақтық филиалдарында жергілікті жобалық кеңселерге әдіснамалық және тәжірибелік көмек көрсететін консультанттар бекітілген.

Жобалық кеңселерді құру және кейін келе жобалық басқаруды енгізу бойынша табысты өзара әрекеттесулердің бірі Академияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ынтымақтастығы және Академия филиалдарының жергілікті атқарушы органдармен жұмысы болып табылады.

 

Мемлекеттік басқару академиясының Жобалық менеджментті дамыту орталығы жобалық менеджмент саласындағы персоналдың ұлттық стандартқа сәйкестігін растау бойынша аккредиттелген жалғыз орган болып табылады, сондай-ақ PRINCE2 британдық әдісі бойынша оқуды және сертификаттауды ұымдастырады.

Оқуды ұйымдастыру мәселелері бойынша: +7(776) 197-89-10, +7(775) 467-36-89.


Your browser does not support SVGs