TIKA-мен (Түркияның ынтымақтастық және координация ұйымымен) кездесу өтті. Академия ректоры Ерлан Әбіл ТИКА-ның Қазақстандағы өкілі Хикмет Озденоглу және ТИКА-ның Қазақстандағы өкілінің орынбасары Ихсан Эрген кездесу барысында Академияның миссиясын, тарихы мен болашаққа бағдарымен таныстырды. Сонымен қатар, ТИКА-мен ынтымақтастық туралы алғаш меморандумға 2013 жылы қол қойылғандығын еске түсірді. Халықаралық ұйыммен алдағы уақытта екіжақты ынтымақтастық формалары ретінде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін демеушілік, техникалық жабдықтарды сатып алу бойынша көмек көрсету; екі елдің мемлекеттік қызметшілерін оқыту және тағылымдамадан өткізуді ұйымдастыру; сарапшылық консультациялар қарастырылу жайына назар аударылды.
ТИКА-ның Қазақстандағы өкілі Хикмет Озденоглу аталған сұрақтарға жан-жақты қолдау көрсететінін атап кетті. Кездесу соңында тараптар бауырлас екі ел арасындағы тығыз, жүйелі қарым-қатынасты дамытуға қатысты қадамдарды қолдайтынын жасырмады.