Академия түлектеріне салтанатты түрде доктор дипломдары табысталды.
«6D020200 – Халықаралық қатынастар» мамандығының докторанты Асемгуль Уразаева «Роль публичной дипломатии в продвижении внешнеполитических интересов Республики Казахстан на современном этапе» тақырыбында диссертация қорғады.
«8D04113 – Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасының докторанттары мемлекеттік басқару саласындағы түрлі өзекті мәселелерге арналған диссертацияларын қорғап шықты.
Асет Садвокасов «Трансформация нормотворчества в государственном управлении» тақырыбында
Айгерим Манакбаева «Елдің мәдени дамуы контексінде киноиндустрияның әлеуметтік аудиті» тақырыбында
Айганым Исенова «Совершенствование государственной политики в сфере поддержки предпринимательства в условиях неопределенности» тақырыбында
Жаслан Хамитов «Антикоррупционный мониторинг в системе управления государственными закупками» тақырыбында диссертацияларын қорғады.
Дипломды табыстау барысында докторанттар Академияда өткен жарқын күндері туралы естеліктерімен бөлісіп, Академияның барлық ұжымына алғыстарын білдірді.
Академия ұжымы өз түлектерін Халықаралық қатынастар докторы дәрежесін және «Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша доктор дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтайды.