Академияның Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы Ұлттық жобалық кеңсенің құрамына кірді. Кеңсе 25 сәуірде Қазақстанның Цифрлық үкімет кеңсесінің құрылымында құрылды.
Кеңсенің негізгі міндеттеріне мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жобалық қызметін үйлестіру және әдіснамалық қолдау көрсету кіреді. Сонымен қатар ол мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, басым реформалар мен стратегиялық инвестициялық жобалардың орындалуына жедел мониторинг жүргізумен де айналысады.
Ұлттық жобалық кеңсе мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының берілген көрсеткіштерінен ауытқуларды уақытылы түзету жөнінде ұсыныстар әзірлейтін болады.