Жаңалықтар

Халықаралық қатынастар бойынша 11-пан-еуропалық конференциясына Мемлекеттік басқару академиясы қатысты

Дипломатия институтының оқытушысы Цхай Алия 2017 жылдың 12-16 қыркүйегі аралығында Барселона халықаралық қатынастар институты мен Еуропалық халықаралық қатынастар ассоциацияна бірлесе ұйымдастырған халықаралық қатынастар бойынша 11-пан-еуропалық конференциясына қатысып қайтты.

Конференция «Дағдарыс уақытындағы халықаралық зерттеулер саясаты» тақырыбында өтті. Доктор Цхай дағдарыстардың Қазақстандағы Еуразиялық интеграцияның дамуына тигізер әсері туралы баяндама жасады.

Аталмыш баяндама Глазго университеті мен Санкт-Петербург экономика жоғары мектебі бірлесе ұйымдастырған пост-кеңестік кеңістіктегі өзгерістер мен дағдарыстарды түсіну бойынша пленарлық отырыс аясында жасалды. Пленарлық отырыс бірлескен зерттеу жобасының бірінші кезеңі болып табылады.

Жоба 2017-2018 жылдар бойы жалғасып, жоба нәтижесі ғылыми журналдың арнайы жарияланымында жарық көреді.

Конференция жыл сайынғы шара болып табылады. Еуропа және әлем елдерінің халықаралық қатынастар саласы бойынша бас сарапшылары қатысатын конференция жыл сайын Еуропаның әр түрлі университеттері қабырғасында өткізіліп отырады.

Барселонада өткен биылғы конференцияға әлемнің 58 елінен 1334 ғалым қатысты. Концеренция күндері жалпы саны 366 пленарлық отырыстар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Сонымен қатар аталмыш шара халықаралық қатынастар саласын зерттеу бойынша тәжірибе алмасуда таптырмас форум болып табылады.


Your browser does not support SVGs