Жаңалықтар

«Халықаралық қатынастардың қазіргі беталыстары» тақырыбына мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинары

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2017 жылдың 19-22 қыркүйегі аралығында халықаралық қатынастарды нығайту үдерісіне тартылған мемлекеттік қызметшілер үшін «Халықаралық қатынастардың қазіргі беталыстары» тақырыбына біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинардың мақсаты қазіргі әлемдік дамудың беталыстарымен тыңдаушыларды таныстыру, оның қозғаушы күштерін көрсету және жаңа халықаралық саяси жағдайдың құрылу нұсқаларын анықтау болып табылады.

Семинар аясында қатысушылар шиеленістің алдын алу, тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жаңа халықаралық-саяси инструментарияны құрудың жалпы мәселелерін, демография, көші-қон, экологияға қатысты халықаралық қатынастардың жаңа бағыттарының қалыптасуының кейбір аспектілерін қарастырады. Халықаралық саясатты реттеу және қауіпсіздік проблемаларын зерделеудегі өзекті күн тәртібіндегі мәселелерді анықтауға басты назар аударылатын болады.

Тыңдаушылар алдында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының профессор-оқытушылар құрамы сөз сөйлейді: с.ғ.д., профессор – С.Б. Кожирова, т.ғ.д., профессор – Д. М. Мажиденова, доктор (PhD), оқытушы – А. А. Цхай, аға оқытушы – А. С. Сарина.


Your browser does not support SVGs