Жаңалықтар

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Өткен аптада Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесінің реформасы: оның заманауи тиімді модельдері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Онлайн кездесу барысында мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді модельдерін әзірлеу бойынша өзекті мәселелер, мемлекеттік басқарудың дәстүрлі және қазіргі модельдерінің қатынасы қозғалды, сонымен қатар атқарушы билік органдарын ұйымдастыру және олардың қызметтерінің құқықтық негіздері, цифрлық технологиялардың даму жағдайында мемлекеттік басқару реформасының алдында тұрған кедергілер талқыланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының атынан стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі вице-ректор Айгүл Көшербаева қатысты.

Өзінің «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің дамуындағы жаңа тәсілдер» атты баяндамасында вице-ректор мемлекеттік басқарудың даму кезеңдерін атап өтті, Академияның болашақ ел басқарушыларын даярлаудағы рөлі, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктері мен қызметтерін үйлестіру тетігі жайлы баяндады.

Іс-шара COVID-19-дың таралуының алдын алуға байланысты шектеулерді ескере отырып, онлайн форматта өтті.


Your browser does not support SVGs