Академия басшылығы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясы (IACA) өкілі Алексей Кройтору мырзамен кездесу өткізді. Күн тәртібінде екі жақты әріптестіктікке жаңа дем беріп, нақты бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері болды.
IACA өкілі ағымдағы жылдың күзінде Нұр-Сұлтан қаласында IACA Ассамблеясы өтетіні туралы хабардар етті. Тараптар аталған ассамблея шеңберінде Академия негізінде бірлескен іс-шара ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады. Сондай-ақ, Алексей Кройтеру Академия сарапшылары IACA-ның тренингтеріне қатысып, дәріс оқу мүмкіндігіне ие бола алатынын айта кетті.
Академиялық бағытта да ынтымақтастық келешегі баянды болмақ. Нақты айтқанда, тараптардың келісімі бойынша Академия тыңдаушылары IACA негізінде тағылымдамадан өтіп, семинарларға қатысады деп күтілуде.
IACA Біріккен Ұлттар Ұйымы Есірткі және қылмыс басқармасы, INTERPOL мен Еуропа Одағы алаяқтыққа қарсы күрес кеңсесінің бастамасымен құрылған. 2011 жылы IACA халықаралық ұйым мәртебесіне ие болды, оның қатарына 77 мүше ұйым кіреді. IACA Аустрияның Лаксенбург қаласында орналасқан.