15 ақпан күні Ханнс Зайдель қорымен жүргізілетін ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия бөлімінің басшысы – Изабелла Харбрэт, Орталық Азиядағы Қордың басшысы доктор Макс Георг Майермен және Орталық Азиядағы Қордың жобалау менеджері Қаныбек Садықбековпен үйлестіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында Академия мен Қор арасындағы ынтымақтастық нәтижелері, жаңа оқу жылына қабылдау жоспары және Академияның магистрлік бағдарламасына түсуге қойылатын жалпы талаптар тізімі көрсетілді.
Сондай-ақ Академияның институционалдық серіктестері білім беру бағдарламаларының жаңа бағыттары туралы қысқаша ақпарат беріп өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша 2020 жылға арналған қаржы жоспарына қол қойылды.