Академия Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының өкілі Женгиз Томармен халықаралық ынтымақтастығы аясында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Академия ректоры Ерлан Әбіл мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.Соның ішінде, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту, олардың біліктілігін арттыру және Академия студенттері мен қызметкерлерінің тағылымдамадан өту мүмкіндігі кездесудің басты назарында болды. Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының өкілі Женгиз Томар аталған сұрақтарға жан-жақты қолдау көрсететінін атап кетті. Кездесу соңында тараптар бауырлас екі ел арасындағы тығыз, жүйелі қарым-қатынасты дамытуға қатысты қадамдарды қолдайтынын жасырмады.