Жаңалықтар

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

Академия «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, әйелдерді мемлекеттік басқаруға тарту және балалар арасындағы бұзақылықтың алдын алу бойынша жобаны жүзеге асырмақшы.

Кездесу барысында Академия ректоры Ерлан Әбіл мен «Қадір-қасиет» ҚБ директоры Мәдина Ахметова жобаның жүзеге асу кезеңдерін талқылап, Меморандумға қол қойды.

Жоба аясында келесі міндеттер жүзеге асырылатын болады:

✓ балалар мен әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

✓ мемлекет пен азаматтық қоғамның тиімді өзара іс-қимылы бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу;

✓ оқу-әдістемелік материалды дайындау және арнайы курсты оқыту бойынша тренерлерді оқыту;

✓ 2025 жылға дейін «Адам құқықтарына назар: әйелдер мен балалар» жобасын қолдау.


Your browser does not support SVGs