Жаңалықтар

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың Түркістан облысына сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен және Жас мемлекеттік қызметші мектебінің тыңдаушыларымен кездесу өтті.Кездесуде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасында Меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде тараптар бірлескен жобаларды, қолданбалы зерттеулерді іске асыру, ақпараттық және консалтингтік қызметтер көрсету бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті.


Your browser does not support SVGs