Академия ректоры Ерлан Әбіл мен «Хабар» агенттігі Басқарма төрағасы Берік Уәлимен кездесіп, Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – тараптар арасында медиа саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру және қолдау білдіру. Кездесу аясында ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда мемлекеттік қызметшілерді оқыту және біліктілігін арттыру бағытындағы Академияның қызметіне медиа алаңда ақпараттық қолдау таныту, мемлекеттік қызметшілермен БАҚ-пен жұмыс саласында тренингтер, мастер-кластар өткізу және де басқа ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, әріптестіктің жаңа деңгейіне өтетініне сенім білдірді. Еліміздің ірі медиа агенттігімен жасалған мұндай маңызды меморандум мемлекеттік қызметшілерді оқыту барысында БАҚ саласында қолдау, тәжірибе алмасу мүмкіншіліктерін алуға көмектеседі деп сенім білдіреміз.