Жаңалықтар

Заңнама институты зерттеулерінің нәтижелерін талқылау

Бүгінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы заманауи дамудың өзекті мәселелерін талқылау үшін әрекетті сараптамалық алаңға айналды.

Мұндай мәселелердің бірі адам құқықтары (азаматтық және саяси құқықтар) саласындағы халықаралық шарттардың нормаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізу болып табылады. 

2018 жылдың 5 желтоқсаны Академияда Қазақстан Республикасының Заңнама институты осы тақырып бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының қатысуымен жүргізген зерттеулерінің қол жеткізген нәтижелері ашық талқыланды.

Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Қоғамдық даму министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі сынды мемлекеттік органдардың тарапынан комментарийлер айтылды. ЮНИСЕФ және Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері өз ұсынымдарын берді. Одан бөлек, талқылауға академиялық қоғамдастық – Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы, ҚазГЗУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Еуразиялық гуманитарлық институты, «Тұран-Астана» университетінің өкілдері де қатысты.

Өткізілген іс-шара мемлекеттік органдар мен сарапшылардың күштерін бірыңғай интеллектуалдық кеңістікте біріктіруге бағытталған, Мемлекеттік басқару академиясының басқа да іс-шараларымен бір қатарда болды.


Your browser does not support SVGs